Меншікті бейнесабақтар мен вебинарлар банкін қалыптастыру
Дата публикации: 09.03.2021

Бүгінгі таңда электронды порталдар арқылы онлайн оқытудың танымалдылығы артып келеді. «МТАЖО» АҚ өзіндік бейнесабақтар мен вебинарлар банкі бар білім беру платформасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта тәжірибелі бизнес – тренерлер және коучтермен бейнекурс құру жұмыстары жүргізілуде; бейнекурс бағдарламасы келісілуде; платформаның өзіндік дизайны мен безендірілуі дайындалуда; осы бағыттың экономикалық даму келешегін түсіну мақсатында онлайн-бейнесабақтар нарығының тұрақты сараптамасы жүргізілуде.

Алайда, осы бағытты одан әрі іске асыру пайдаланушылардың дамыған бейнекурстары бар платформаға кіруі үшін лицензия сатып алуға қосымша қаржылық шығындарды талап етеді.