БКҚ АЖ аясында «Персоналды оқыту және дамыту»
Дата публикации: 20.04.2021

Кадрлық іс жүргізуді автоматтандыру ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінде оң әсерін тигізді.

БКҚ АЖ аясында «Персоналды оқыту және дамыту» 3 процесстен тұрады:

  • Қызметкерлерді даярлау;
  • Біліктілікті арттыру;
  • Кадрларды қайта даярлау (біліктілікті қайта арттыру).

Қазіргі уақытта ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдары белсенді пайдаланатын «Біліктілікті арттыру» процесі жұмыс істеуде.

БКҚ АЖ функционалы үнемі жетілдіріліп отырады. Қазіргі уақытта «персоналды даярлау» және «кадрларды қайта даярлау (біліктілікті қайта арттыру)» процестері пысықталуда, сондай-ақ «персоналды оқыту және дамыту» модулінің функционалын қызметкердің оқыту үшін Ұйым алдындағы берешек сомасын есептеуді автоматтандыру бөлігінде пысықтау жүргізілуде.

«МТАЖО» АҚ Бірыңғай кадр қызметі аясында құжаттардың шаблондары (қызметтік жазбалар, өтініштер, хабарламалар) әзірленді және «Веб-портал» АЖ-де кадрлық құжат айналымын автоматтандыру (техникалық жұмыстарды қамтамасыз ету) үшін «Инженерлік-техникалық орталық» ШЖҚ РМК-ға (бұдан әрі – ИТО) берілді.