Ынтымақтастық және жаңа шекараларды ашу
Дата публикации: 05.01.2021

Білім беру іс-шаралары бойынша көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту мақсатында «МТАЖО» АҚ елдің жетекші кәсіптік білім беру орталықтарымен меморандумдар жасасу бойынша жұмыстарды қамтамасыз етеді. Осылайша, ағымдағы жылдың басынан бастап «Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК, «Astana IT University» ЖШС, «Тұран-Профи» академиясы, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК-мен меморандумдарға қол қойылды.

Өзара ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, білім беру, әріптестердің өнеркәсіптік өндірістік базаларында қажетті білім мен дағдыларды оқытуға мүмкіндік беретін интерактивті нысандағы бірегей тәжірибелік оқыту өнімін қолдану – осының барлығы «МТАЖО» АҚ базасында кәсіби даярлау және қайта даярлау бойынша білім беру кластерін құруға, Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының тыңдаушылары үшін де, сондай-ақ келешекте сыртқы ұйымдар үшін де оқытудың жаңа әдістерін, қағидаттарын қолдануға ықпал етеді.