Тәлімгерлік институтын енгізу
Дата публикации: 18.05.2021

Тәлімгерлік институтын енгізу және дамыту мақсатында ҚР ПІБ «МТАЖО» АҚ жүйесінде 2021 жылғы 27-28 мамырда «Тиімді идеологиялық жұмысты жүргізу. Жанжалдар мен коммуникацияларды басқару» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Оқыту шеңберінде басты тәлімгерлер тиімді идеологиялық жұмысты жүргізу мәселелері, корпоративтік идеологияны тарату және еңбек жанжалдарының алдын алу құралы ретінде тәлімгерлік мәселесі, тиімді тәлімгерліктің негізі ретінде коучинг мәселесін, жоғары нәтижелер мәдениетін: жаңа стильді, жұмысқа құштарлық, жұмыс орнындағы күйзелісті азайтуды, материалдық емес уәждемені және мақсат қоюды, тәлімгердің нәтижелі мәселелері арқылы қамқорлыққа алынушының саналылығы мен жауапкершілігі мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, оқыту нәтижелері бойынша тыңдаушылар келіссөздер жүргізу, тиімді коммуникациялар құру, адамдарды эмоционалды фон бойынша оқу және басқару, келіссөздердегі психогеография мәселелері, келіссөздер процесінің стратегиясы, эмоционалды интеллект және жанжалдарды басқару, эмоцияларды басқару әдістері және кері байланыс технологиялары мәселелерінде өз дағдыларын арттырды.